Қазақстандағы ең қарт адам туралы не белгілі

0

Қазақстандағы ең қарт адам – Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар ауылының тұрғыны Түймегүл Темірбаева. Биыл ақ жаулықты әже 114 жасқа толды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Байқадам ауданында дүниеге келген. 15 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр. Жолдасы Аязбай Темірбаев 96 жасында қайтыс болды.

Қазақстанда барлығы 100 жасқа толған 423 азамат тіркелген. Оның ішінде Түймегүл әже тізімнің басында тұр. Екінші және үшінші орындарды 112 және 110 жас аралығындағы Павлодар және Түркістан облыстарының тұрғындары иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жасы 100 жастан асқан 420-дан астам қария барын жазған едік.