«Өмірімде өзгерістер орын алуда»: Мадина Сәдуақасова жазбасымен елді ойландырып қойды

0

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі өмірінде бірқатар өзгеріс болып жатқанын жеткізді, деп жазады Kznews.kz.

Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше образдағы фотосессиясын жариялап, әсерлі жазба қалдырды. Фотода әншінің шаш үлгісі өзгеріп кеткенін байқауға болады. Өнер иесі жаңа жазбасында оқырмандарына өмірінде болып жатқан өзгерістері туралы айтты. «Жүректегі мұңды осы қыркүйекте қалдырдым. Өмірімде өзгерістер орын алуда. Уақыты келгенде сіздермен міндетті түрде бөлісемін», — деп жазды эстрада жұлдызы. Желі қолданушылары Сәдуақасова үшін асқан алаңдаушылық білдіріп, оны сұрақтың астына алды. «Бәрі жақсы болады. Кейде өзгерістер керек болып тұрады», «Ажырастым демеңізші», «Келесі қыркүйекте сәбилі болыңыз», «Адамды қорқытпаңызшы. Қандай өзгерістер болып жатыр?», «Осылай уайымдатып қоясыз ғой. Қашан айтасыз енді», — деп жазуда көпшілік.