Қазақстан ІІМ суицидке итермелейтін 43 сайтты бұғаттауды сұрайды

0

Қазақстан ІІМ өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін 43 сайтты бұғаттауды сұрайды, деп хабарлады ведомствода өткен брифингте.

«2024 жылдың басынан бастап мониторинг шеңберінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Бұғаттау үшін олар бойынша ақпарат мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді», — деді ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.

Қазір елде қауіпті ойындар туралы ақпарат таратылуда. Министрлік бұл ойындар суицидке әкелмеседе, психикаға тікелей әсер ететінін жазды.

Жыл басынан бері елде мас күйінде болған кәмелетке толмағандар арасында 14 суицид және оның әрекеттері тіркелді. Тіпті жасөспірім есірткіге мас күйінде өзін-өзі өлтіруге тырысқан жағдайлар да кездескен.

фото: androidinsider.ru