Ақтауда 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады
Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызметтегі 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады. Жағдай 28 қыркүйекте болған.
«Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», — деп мәлімдеді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды..