Желіде бірін-бірі шапалақпен ұрған әскерилердің тағы бір видеосы тарады
letterskz телеграм-арнасында әскерилерге байланысты тағы бір видео жарияланды. Ақпаратқа сүйенсек, оқиға Семейдегі “Жас ұлан” мектебінде болған. Видеодан ер балалардың бірін-бірі шапалақпен тартып, дөрекілік көрсетіп жатқанын аңғаруға болады. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Еске сала кетейік, Президент ҚР ІІМ Ержан Сәденовке осындай жағдайларды қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын.