“Депутаттарға берілетін үйде тұрмаймын” — Дәулет Мұқаев пәтеріндегі ерекшеліктермен бөлісті

0

Депутат Дәулет Мұқаев оқырманға өзінің пәтерге байланысты құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ ол мемлекеттен депутаттарға берілетін үйде тұрмайтынын айтты. 

«Мен депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын. Бас тартқанмын. Өз үйім – өлең төсегім! Үйімдегі шкафтан біршама оқырман ою байқап, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың үйі болған соң, қазақтың «исі» шығу керек. Люстраны да әдейі шаңырақ етіп жасаттым. Балалар арасында орысша сөйлей бастаса, «әй, шаңыраққа қараңдар» деп отырамын. «Біздің балалар таза қазақ тілінде сөйлейді, керісінше, орысша сөйлеуге қиналады. Көп тіл білгендері жақсы. Бірақ міндетті емес! Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз, қай тілде білім бересіз, сол тілде сөйлейтін болады. Сол тілде ойлайтын болады. Ана тіліңіз қазақ болса, неге сіз өзге тілде шүлдірлеуіңіз керек? Ал балаңыз ше?! Сіз балаға айнасыз, «бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер емес», – деп ойын білдірді депутат.