Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады — Ғылым-Бiлiм

0

Еуропаның ғарыш агенттігі Марстағы мұз толған кратердің суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Суретте үлкен дақ немесе қар тұрған сияқты. Алайда бұл олай емес, суретте Марстағы Королевтің кратері бейнеленген», — делінген агенттіктің хабарламасында.

Кратерге белгілі зымыран құрастырушы Сергей Королевтің есімі берілген. Кратердің тереңдігі — 1,8 шақырым, диаметрі — 60 шақырым. Кратердегі ауа төмен түсіп, мұздың еруіне жол бермейді екен.

Бұл сурет Mars Express спутнигінің көмегімен түсірілген. Ол спутник 2003 жылы 3 маусымда ұшырылып, Марсқа алты айдан соң жеткен еді.


© esa.int


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz