«Қырым кімдікі?» деп сұраңыз»: Сәкен Майғазиев пен ресейлік әнші Меладзенің кездесуі ел талқысына түсті

0

“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев ресейлік әнші Валерий Меладземен жолығып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әзілге толы видеосының астына жазба жариялады.

“Мынау кластастарымның суреті”, Ал мынау жиенімнің құдалығы”, “А-а-а, бұл қызымның бірінші сыныпқа барған суреті ғой” деп тұрған кезім”, – деді әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, екі елдің әртістерін қызу талқылап жатыр.

“Меладзе мықты әнші. Ресей мен Украина соғысына қарсы адам”, “Қырым кімдікі деп сұрау керек еді”, “Сәкен ағамыздан: “Жас көрінудің сыры неде?” деп сұрап тұрған болар”, “Екі елдің легендалары”, “Қандай бақытты әнші. Мен 1994 жылдан бері жақсы көремін”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова әріптесі Сәкен Майғазиевпен ерекше амандасқанынжазған едік.