Ердоған Нетаньяхуды Гитлерге теңеді

0

Түркия басшысы Израиль премьер-министрін сынап, оны Адольф Гитлермен салыстырды.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы. 

Түркия басшысы Израиль премьер-министрін сынап, оны Адольф Гитлермен салыстырды, деп жазады РИА Новости.

«Халықаралық қауымдастық палестиналық бейбіт тұрғындарды израильдік әрекеттерден қорғау механизмін әзірлеуі керек. Гитлерді 70 жыл бұрын адамзат альянсы тоқтатқаны сияқты, Нетаньяху мен оның қанды желісін де «адамзат одағы» тоқтатуы керек», — деді Ердоған өз сөзінде.