Балқашта коммуналдық қызметкерлер құбыр ауыстырамыз деп қорқынышты жағдайға тап болды

0

Балқашта коммуналдық қызметкерлер құбыр ауыстырып жатып үш адамның мәйітін тапты.  Мердігерлік фирма қызметкерлері Әлімжанов пен Қалмақов қиылысында өз жұмыстарын жүргізіп жатқан. Олар жағдайды бірден полиция қызметкерлеріне баяндаған.

«Адам сүйектері табылды, оларда зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.