Оралдағы қала күніне ұйымдастырылған гала-концертте 100 бала жоғалған
«Мой город» басылымының хабарлауынша, 21 қыркүйек күні кешке өткен қала күніне арналған гала-концерт кезінде 100 бала жоғалып кеткен. Олар стационарлық полиция пунктіне жеткізілді.
Сондай-ақ, осы күні өалада ұсақ бұзақылықтың 19 жағдайы тіркелді, 23 адам алкоголь ішкені үшін ұсталды, ал 38 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Сонымен қатар, төрт жүргізуші мас күйінде ұсталды.
Фото: pexels