14 жасар қызды 6 оқушы 1,5 сағат бойы ұрып-соққан
«НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге 14 жасар қыздың анасы хат жазып, ол қызын мектер оқушыларының 1,5 сағат бойы камерасыз қараусыз қалған ғимаратқа ұрып-соққанын айтып, шағымданды. Оқиға 25 тамызда орын алған. Жәбірленушіні 6 қыз аяусыз ұрған, өздерінен кешірім сұратып, оны видеоға түсірген. Кейін бейнежазбаны таратқан.
Жәбір көрген қыз бүкіл қорлықтан кейін биік ғимараттың 30-қабатына көтеріліп, секіріп кетуге оқталған. Ол жарты сағат бойы шатырда тұрып, кейін райынан қайтып, үйіне оралған. Қыз бала құрбысына хабарласып, болған жайтты айтып береді. Келесі күні анасына да айтады. Жәбірленушінің анасы дереу Алматы аудандық полиция басқармасына арыз жазып, бүкіл бейнежазбаны қаратқан, — деп жазылған желідегі жазбада.
фото: kstnews.kz