“Алаңдап қалған едік” — Ақын Жүрсін Ерман Президент кеңесшісімен кездесті
Ақын Жүрсін Ерман Президенттің кеңесшісі Берік Уәлимен кездесті. Бұл туралы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ұлттық өнердің кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман ағамызбен кездесіп, мәдениет пен руханият тақырыптарында пікір алмастық. Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп қуантып жүр. Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!» — деп жазды ол.