Аягөзде тағы бір әскери қызметкер көз жұмды
Аягөздегі 10810 әскери бөлімінде жоғарғы оқу орынын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.
Ол Қызылордада университетте оқып, әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған.
Айта кетейік, 10810 әскери бөлімі Аягөз қаласында орналасқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
фото: ашықдереккөз