Алматыда биіктіктен құлаған оқушы қыздар жер қойнына тапсырылды

0
16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан  табылған екі оқушы қыздың денесі жер қойнына тапсырылды. Жақындары олардың әлі күнге дейін суицидке барғанына сенбейді. Интернет-технологиялардың кесірінен деп есептейді.  Ақпарат көздеріне сүйенсек, олар аниме кітаптарын сүйіп оқыған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы оқушы қыздардың өліміне қатысты тың деректермен бөліскен еді.

«Бұл – суицид. Қазір өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойында қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.

Еске сала кетейік, олардың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қыздары екені белгілә болды.

фото: aikyn.kz