Қазақстандағы тез қартаю процесі. Биллетер индексі деген не?

0

Қазақстанның сегіз өңірінде халықтың тез қартаю қарқыны байқалады. Бұл, ең алдымен, солтүстік аймақтарға қатысты көтерілген мәселе. Себебі соңғы жылдары жас ерлер мен әйелдердің шетелге кетуі кеңінен етек алған.

Қазақстанда екінші жыл қатарынан Биллетер индексі төмендеп келеді. Бұл индекстің өзін 1954 жылы швейцариялық демограф Эрнст Биллетер ұсынған. Ол репродуктивті жасқа дейінгі (0-14 жас) және репродуктивті жастан асқан (50 жастан асқан) популяция үлесінің арақатынасын сипаттайды. Индекс халықтың жалпы санында балалардың үлесі 50 жастан асқан адамдардың үлесінен көп болған кезде оң мәндерді көрсетеді. Керісінше, 50 жастан асқан адамдардың үлесі балалардың үлесінен үлкен болған кезде теріс мәндерді қабылдайды.

Біздің елімізде Биллетер индексін ҚР АСПИР БНС мамандары 2019 жылдан бастап есептейді және сол кезден бастап ол тек оң мәндерге ие болып келген. Алайда, 2022 жылдан бастап индекстің теріс мәндерді көрсете бастаған.

Бүгінде Қазақстанның 20 әкімшілік аумақтық бірлігінің сегізінде Биллетер индексі теріс. Оларға солтүстік, шығыс және кейбір орталық аймақтар жатады. Демографтардың көзқарасы бойынша бұл бір нәрсені білдіреді, яғни аймақтарда халықтың қартаюының белсенді процесі жүріп жатыр.

Индекстің ең төменгі теріс мәндері СҚО-да (минус 32,9), ШҚО-да (минус 29,5) және Қостанай облысында (минус 24,8) тіркелген.

Өңірлердегі халықтың қартаюының себептерінің бірі — теріс көші-қон, адамдардың келгенінен кеткені көп.

Бірі мұны экономикалық факторлармен, ал енді бірі әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. Сонда біздің солтүстікке жасап жатқан саясатымыздың нәтижесі қайда?