16 желтоқсан жайында деректі фильм

0

Qazaqstan ұлттық телеарнасы –Тәуелсіздік күніне орай арнайы жоба дайындады. Жоба – «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмін дайындады. 

Фильм – архивтік  құжаттар мен нақты  деректерге  негізделген.  Оған арқау болған еліміздің тарихи кезеңі – Қазақстанның Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдың желтоқсанындағы саяси оқиғалар. Және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың эксклюзивті сұхбаты, КСРО мен басқа да Кеңестік республикалардың басшылары арасындағы қарым-қатынасы, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерге толы.

Жобаның жетекшісі – Дәурен Абаев, фильм авторы – Ерлан Қарин, режиссері – Дмитрий Богомолов, монтаж режиссері Айзатулла Хуссейн.  Деректі фильмінің тұсаукесері 18 желтоқсан күні 21:30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасында көрсетіледі.

Дереккөз: Айқын