Командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрған – Мәжіліс депутаты

0

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік туралы айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, соңғы үш жылда 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. Бұл – әскери прокуратура мәлімдеген ресми сан. 2023 жылғы тамызда әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрып, соққыға жыққан. 2024 жылдың маусым айында Жамбыл облысының бір әскери бөлімшесінде әскерге келгеніне 1 ай болған сарбаз ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен. Ал таяуда болған жағдай бүкіл отандасымыздың ашу-ызасын туғызды. Ұлттық ұланның жауынгері Ербаян Мұхтар басынан алған жарасынан бес ай бойы ес-түссіз жатты. Жауаптылар «Ербаян дәретханаға құлап, жарақаттанды» дейді. Бұған кім сенеді? Жарақаттың салдарынан сарбаздың басының жартысын алып тастауға тура келген. Енді оған тұрақты күтім қажет. 7 қыркүйек күні Ақтаудағы горнизонда сарбаз Марат Барқұлов есімді бауырымыз көз жұмды. Оны офицер атып жіберген. Бұл қасақана жасалған әрекет, жоқ па? Аталған сұрақтың жауабын тергеу орындары әділ зерттеп, нәтижесін қоғамға ашық түрде жеткізуі керек», — деді Н.Аралбайұлы Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың атына жолдаған сауалында.