Қызылордалық шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүр еткен

0

Өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаров кәсіпкерлерден оған 6,8 млн теңгеге дизель отынын беруді талап етті, деп хабарлайды Антикор.

«Бұдан басқа, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін сотталды, Бұл бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтірді», – деп толықтырды Антикор.

Әбсаттаров 9 айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынды. Сондай – ақ, оны мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

фото: ашықдереккөз