Арыста тағы бір әскери қызметші өзін-өзі басынан атты
Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті.
Бұл ақпаратты редакцияға қорғаныс министрлігі растады. Дереккөзге сүйенсек, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.
«2024 жылдың 16 қыркүйегінде тәуліктік кезекшілікке түскен әскери қызметші мылтықты алып, өз басына өзі оқ атқан. Ол келісімшартпен жұмыс істейтін әскери адам. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасындағы жанжалға байланысты суицид жасамақ болған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.