Мектепте бір-бірімен пышақтасқан оқушылар туралы жаңа дерек айтылды

0

Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, құрдастарын жарақаттаған адам оқу жылының басында басқа мектептен ауыстырылған.

Оқиға болған күні балалар ойнаған, ал олардың бірі «Эрзи» дүкенінің жанынан жиналмалы пышақ тауып алған.

«Пышақ ұстаған бала екі оқушыны жарақаттаған. Сол күні ата-аналар ұлдарындағы жарақатты көріп, дереу ауруханаға апарған. Оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болған», — деді Қуаныш Қыдыралин.

Болған оқиға туралы учаскелік полиция инспекторлары хабардар етілді, іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Фото: Uwe Umstatter/Getty Images