“3 сағат жанды дауыста” — Димаш Құдайбергеннің концертін ел жарыса талқылап жатыр

0

Әлемнің 80 елінен 10 мыңға жуық адам жиналған Димаш Құдайбергеннің концертін ел жарыса талқылауда. 30 мыңға тарта адам сыятын “Астана Аренадан” екі күн бойы адам арлымаған.

Димаштың «Stranger» атты жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысты.

Сонымен қатар 300-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олар Қытай, Ресей, Камерун, Гана, Уганда, Мексика секілді алыс-жақын елдерден келді. Димаш 3 сағат бойы тек жанды дауыста ән шырқады.

Фото: dimashnews.com