Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) слайд,презентация
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) слайд,презентация
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. 1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.