“3 жылда 270 сарбаз” — атақты заңгер әскердегі бассыздықтарды жайып салды
Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында әскерде қаза болғандардың статистткасын жариялады. Үш жылда 270 сарбазьқаза тауыпты. Сондай-ақ ол Бас әскери прокуратураға үндец жасап, әскердегі былықтарды тізіп берді.
«Біз той тойлап, қонақ күткенді қатырамыз, бірақ өзіміздің азаматтардың жағдайын жасауға келгенде тарықтық жасаймыз! Бейбіт уақытта үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған. Соғыс болып жатқан көрші ел Ресей мен Украинада бұндай көрсеткіш жоқ шығар. Кім кінәлі? Әрине, Сыбайласқан жемқорлық! Әскери бөлімдерді жайлаған сыбайласқан жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді. Бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп, үндемейді. Қаншама қызметкер ақиқатын айтып, арыз жазып, соңында өздері қудаланған. Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды! Себебі жүйелі түрде мына елді жеп отырғандар көп! Бас Әскери Прокуратура! Әскери қызметкерлер жұмысқа «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз түсетінін білесіңдер ме? Әскери қызметкерлерден әр премиядан қолма-қол ақшаларын жинап алатынын білесіңдер ме? Сарбаздардан ақша жинайтынын білесіңдер ме? Әрине, білесіңдер, арыз жазғандарды қудалап, «ештеңе анықталмады», деп жылы жауып қоя саласыңдар! Кейде сендерге жемқорлықтың ашылғаны керек емес сияқты көрінеді. Еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын қорғаныстан жемесеңдер болады ғой, Жемқорлар! Біз қалай ел боламыз? Бейбіт күнде әскерге сау жіберген сарбаз табытпен қайтып жатса?!», — деп жазды ол желіде.