Қазақ тілін жетік меңгерген жапондықтар көпшілікті тәнті етті

0

Әлеуметтік желіде отандық блогер Қайрат Мұқышевтың V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына турист ретінде келген жапондықтармен сұхбаты тарады. Жапониядан келген ерлі-зайыпты қазақ тілінде еркін сұхбат берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандық блогер жәрмеңке аралап жүріп, саудаласып тұрған ер адам мен әйелге қарап, оларды Қытайдан немесе Вьетнамнан келді деп топшылады. Алайда турист өзінің Жапониядан келгенін айтып, блогерді таңғалдырды.

Жапондық ерлі-зайыптының 10 жыл бұрын біршама уақыт Алматыда тұрғаны белгілі болды. Сол кезде қазақ тілін өздері үйренген.

“Этноауыл ашылғалы осындамыз. Бізге барлығы ұнап жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын Алматыда тұрдық, сол кзде аздап қазақ тілін үйрендік. Қазір Жапонияда тұрамыз”, – келіншек.

Ол жанындағы күйеуін таныстырып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына орай келгенін айтты. Айтуынша, Астанада өтіп жатқан сайыстың ұйымдастырылуы көңінен шыққан.