Қазақстандағы инфляция деңгейі қашан төмендейді?

0

ACG Орталық депозитарийлері Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының 26-жалпы жылдық жиналысында Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Тимур Сүлейменов қазіргі Қазақстандағы инфляцияның, сондай-ақ инвестицияның хал-ахуалымен бөлісті.

Оның айтуынша біз Азия аймақтарындағы өсу тәжірибесін пайдаланғанымыз дұрыс. Себебі ол Орталық Азия аймағын да біріктіруге жеткілікті әсер етеді. Қазақстан — Инвестициялар үшін сенімді ел, сондықтан ТМД кеңістігінде барлық инвестицияларды көбірек тартып жатыр.

Инфляцияны жыл сайын төмендету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Оның нәтижесінде инфляция деңгейі 5%-ға дейін төмендеуі әбден мүмкін.

Қазақстандағы қаржы жүйесі бүгін де өте заманауи және тұрақты. Жүйенің негізін қазір капиталдың жеткіліктілігіне байланысты артық проблемалар туындамайтын банктер құрайды.