Жаңа теңге: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

0

Қазақстан Ұлттық банкі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде шынайы банкноттардың сыртқы белгілерін, оның ішінде «сақ стилі» жаңа сериясынан және номиналы 10 000 теңге болатын мерейтойлық банкноттан елестетер полиграфиялық өнімді сатып алуды ұсынатын жарнаманың таралу фактілері барын ескертті, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.

Ұлттық банк қылмыстық кодекстің 231-бабына сәйкес жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық қудалауға жататынына назар аударады.

– Жоғарыда айтылғандарға байланысты банкноттарды пайдалану кезінде көбірек назар аударып, олардың түпнұсқалығын тексеру керек, — делінген хабарламада.

Күмәнді банкноттар, оның ішінде түпнұсқа ақша белгілерінің сыртқы белгілерін имитациялайтын банкноттар табылған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек.