Әлемде тек қазақ батырларының киімі алтыннан құйылған – министр
Фото: Нұржас Жақсыбай
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық музейде өткен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме жобасының жылдық қорытынды баспасөз мәслиxатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.
Айта кетейік, жоба елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты мақаласының аясында жүзеге асырылып жатыр.
«Біз алтын адамды дүниежүзіне насихаттауымыз керек. Қазір істеліп жатқан жұмыстар бірінші қадам болып табылады. Бірақ, ол аздық етеді. Неге десеңіздер дүниежүзі таң қалып жатқан «Алтын адам» Қазақстанның ескертіші екенін білген кезде олардың қызығушылығы артатыны белгілі. Ол біздің еліміздің көне тарихы, байлығының көрсеткіші, Елбасы кешегі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы ескерткіштің орнын ерекше атап өткен. Сол себепті біз оны бүкіл әлемге паш етуіміз керек», — дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
Ведомсвто басшысы атап өткендей, мұндай көрмелерді басқа елдерде өткізген. Алайда олардың батырларының киімі көбіне болаттан, темірден жасалған, ал алтыннан жасалғаны жалғыз Қазақстанна табылған.
«Бүгінгі конференцияның маңыздылығы өте жоғары. Себебі біз өткен жылы 6 ірі мемлекетте «Алтын адам» көрмесін ұйымдастырған болатынбыз. Қазіргі кезде біздің мақсатымыз ол көрмені жалғастыру. «Алтан адам» Қазақстанның бренді деп те айтамыз сондықтан біз оны ғылыми тұрғыдан одан әрі жетілдіруіміз керек. Бүгінде біз АҚШ, Алмания және Ұлыбритания мемлекеттерімен көрмені өткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді министр.
Бүгінгі күні жоба әлемнің 6 елінде көрсетілген. Олар: Беларусь, Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Польша және Оңтүстік Кореяда ұсынылды. Көрмеге келген қонақтардың саны 200 мың адамнан асты. Көрмеге қойылған жәдігерлер дала өркениетінің тариxы, империялардың жеңістерінің куәсі болып табылады. Көрмеде ерте темір дәуіріндегі алғашқы далалық мемлекеттер дәуірінің мұрасы саналатын, аң стиліндегі Есік бекзадасының алтын киімі басты орында болса, Батыс Қазақстандағы Тақсай абызы мен Аралтөбе жауынгері, Сарарқадағы Талды — 2 билеушісі, Алтайдағы Берел жылқыларының жәдігерлері де осы көрмеге қойылды.
Видео: Нұржас Жақсыбай
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ