“Қымыз ішкен бе” — Қазнетте хиджабтағы бойжеткеннің биі қызу талқыға түсті

0

TikTok-та хиджаб киген биші қыздың видеосы тарап, бұл көпшіліктің наразылығын тудырды. 

Видеода хиджаб киген белгісіз қыз әдепсіз билеп жатқанын аңғаруға болады. Желі қолданушылары өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.

«Молдалар бұл туралы не айтады?», «Би харам емес пе?», «Адасқан жандар», «көңіл көтеруге болмай ма?», » қымызға мас па, не?»,- деп жазды олар.

Бейнежазбаның орны мен уақыты белгісіз, бірақ видео қазірдің өзінде бес жүзге жуық пікірлер мен отыз мыңнан астам қаралым жинады.