Кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтары ұйымдастыруды қарастыру

0

Мазмұны
1. Өндірісті ұйымдастыру
2. Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлаудың объектілері
3. Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлаудың әдістері
4. Ұйымдардың түрлері
5. Өндірістік құрылымның түрлері
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Өндірісті ұйымдастыру
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру — өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.
2. Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлаудың объектілері:

— Кәсіпорынның өндірістік қорлары, олардың құрамы мен құрылымы;
— Кәсіпорынның еңбек қорлары, олардың еңбек өнімділігін жоғарлату
жолдары;
— Шаруашылық стратегияны таңдау, қызметтер мен жұмыстарды жасау жоспарын құрастыру;
— Кәсіпорын капиталын қалыптастыру, қолдану, пайданың көлемін
өсіру;
— Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты, оларды
тиімді қолдану;
— Өндіріске кеткен шығындардың сметаларын құру, шығындар
калькуляциясын жасау және тарифтерін құрастыру саясатын анықтау;
— Кәсіпорынның шығаратын өнімінің сапасын өсіру, экологиялық
сұрақтарды қарастыру;
— өндірістік процесті ұйымдастыру сұрақтары, ұйымдастыру
қағидаларын және әдістерін зерттеу;
— еңбек ұжымының жұмысын уәждеу сұрақтарын шешу жолдары;
— кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі.
— негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі, өндірісті ұйымдастыру
пәнінің басты міндеті, негізгі өндіріс түрлері жөнінде ақпарат
беру.
— Кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістерін, процесінің
құрылымын, уақытын зерттеу.
— Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек
заттарының қозғалысын қарастыру.
— Өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену.
— Кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтары ұйымдастыруды қарастыру.
— Жаңа техниканы дайындау және игеру процестерін ұйымдастыру,
жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену.
— Кәсіпорынның өнім сапасын арттыру, инновациялық қызметін
жетілдіру жолдарын зерттеу.

3. Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлаудың әдістері:

— нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында жоспарлау өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас түрғысынан жаңаша зерделенген;

— дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;

— постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде жоспарлаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған;

— еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі тетіктері бағдарланған;

— экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;

— шаруашылықтарды бірге жүргізу сияқты уәждемелер, жоспарлау арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz