Полицейлердің жаңа киім үлгісіндегі «рolisia» сөзі желіде қызу талқыға түскен (фото) — новости Казахстана
Күні кеше қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісін таныстырған ІІМ көптеген сауалдар келіп түскен. Көпшілікті әсіресе «полиция» сөзінің латын қарпінде жазылуы алаңдататқан деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
ІІМ мәліметінше, полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасына қатысты көптеген пікірлер айтылған.
Әсіресе, желі қолданушыларды «Полиция» сөзінің латын қарпінде «рolisia» жазылуы алаңдатыпты.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе уәкілетті органмен бірлесе отырып пысықталуда екен.
Сондай-ақ, ведомство кеше ғана көпшілікке ұсынылған нысанды киім үлгісі нақты бекітілген жоба емес екенін еске салды.
ІІМ осындай талқылау нәтижесінде полицейлерге арналған заманауи, қолайлы, бастысы функционалдық нысанды киім әзірлейміз деген ойда.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар