Бортқа міне алмай, Ресейде қалып қойған алматылық оқушылар елге қайтты

0

“Аэрофлоттың” кесірінен Мәскеудің Шереметьево әуежайында қалып қойған қазақстандық оқушылар үйлеріне қайтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, мәселені шешу оңай болған жоқ, өйткені ұшақтағы бұл орындар сатылымға шығып қойған.

Осыдан бірнеше күн бұрын жазғы лагерь аясында Алматыдан Санкт-Петербургке экскурсияға барған. Елге қайтарда ресейлік шекарашылардың ұзақ тексерісінен бір топ бала ұша алмай қалған.

Балалар рейске 20 минут қалғанда әуежайға жеткен, бірақ «Аэрофлот» оларды бортқа отырғызудан бас тартып, қайтадан Мәскеуден Санкт-Петербургке және Санкт-Петербургтен Алматыға қайтатын билеттерді сатып алуға кеңес берді. Ал қолдағы билеттері жарамсыз болып қалды.

Лагерь директоры Александр Шевченконың айтуынша, жағдай оқу-ағарту министрлігінің, балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі омбудсмен Динара Зәкиеваны араласуының арқасында шешілді.

“Аэрофлот бізге билеттерімізді қалпына келтірді. Сондықтан Алматыға аман-есен оралдық. Осы мәселені шешуге атсалысқандардың барлығына алғыс айтамыз», – деді лагерь директоры.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік «Аэрофлот» Мәскеуде қазақстандық оқушыларды ұшаққа мінгізбей қойғаны айтылды.