Тұрмыстағы тыныштық – қауіпсіз қоғам құрудың басты қадамы

0

Мемлекет БасшысыныңӘділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғаматты Жолдауының Заңжәне тәртіп деп аталатын бесінші бағдарында құқыққорғау органдарын реформалау туралы айтылған болатын.

Жолдауда айтылған мәселелер жан-жақтысараланып, зерделенді. Жасыратыны жоқ, соңғыжылдары қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықжағдайлары көбейіп кетті.

Жыл басынан бері Шымкент қалалық полицияДепартаментінің  «102» арнасы арқылы «отбасылықжанжалдар» туралы  4 мыңға жуық шақырту келіптүскен.  Осы шақыртулар бойынша отбасытұрмыстық қарым-қатынаста жанжал шығарғаныүшін, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасытұрмыстағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) 3839 құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.  

Ал, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында, 3278 тұлғаға «қорғау нұсқамасы» шығарылды.

Профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде, «қорғау нұсқамасын» бұзудың 253 дерегі анықталып, құқық бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, әкімшілік істерді сотқа жолдаукезінде, полицияның ұсынысымен 525 тұлғаныңмінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптарбелгіленді, оларға алкогольдік ішімдік ішулерінетыйым салынды. Олар, 3 айдан 1 жылға дейін есепкеалынып, полицияның бақылауына алынды.​ Тексерубарысында,  сотпен қойылған ерекше талаптардыбұзғаны үшін, 268 тұлғаға Кодекстің 669-бабы  2-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.

Биыл 15 сәуірде  Президент тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған жаңа Заңға қолқойды, яғни бұрын мұндай әкімшілік істер болыпсаналса, , қазір қылмыстық істер санатынажатқызылатын болды.

Сондай-ақ бала зорлығына қатысы бар, балаөлтіргендер мен балаға қатысты жыныстық сипаттызорлық-зомбылық көрсеткендер өмірбойы түрмежазасы тағайындалады.

Әрбір қабылданған заң  тұрғындардыңқауіпсіздігін одан әрі күшейтіп, қауіпсіз қоғам құруғаықпал етеді. Ал, оны іс жүзінде жүзеге асырып, Заңның талаптарының  сақталуын қамтамасыз ететінқұқық қорғау органдары алдыңғы шепте еңбекетеміз.

Елімізде қолданыстағы Заңдарды реформалауқауіпсіз қоғам құрудағы басты қадам. “Отанотбасынан басталады демекші , отбасындағытәртіп пен тыныштық бірлік пен берекенің белгісі. Олай болса, жаңа заң жарқын қоғамның бейнесі дередім.

Президентіміздің Биылғы Жолдауында да сот ісіне, ішкі істер саласына қатысты жаңа бағдар түзілетіні белгілі. Нақты бағыттар, бағдарламалар бойынша атқарылған істі жалғастыра беретін боламыз.

Біз, полиция қызметкерлері өз міндетімізді қалтқысыз орындап, әрбір азаматтың Конституциялық құқығын қорғауға адал қызмет етеміз.

Думан Таев,

Шымкент қаласы полиция департаментініңбастығы полиция генерал-майоры