Бүгін Қазақстан Конституция күнін атап өтуде
Бүгін Қазақстан Конституция күнін атап өтуде. Елдің негізгі Ата Заңы 29 жыл бұрын қабылданды.
Қазақстан Конституциясы — мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайтын ең жоғарғы нормативтік құқықтық актісі. Негізгі Заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
2022 жылғы маусымда Қазақстанда ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізілді. Реформалар пакетін сайлаушылардың 77 пайыздан астамы қолдады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық реформа елдің іргетасын нығайтты және оны дамытудың ұзақ мерзімді векторын белгіледі.
фото: Sputnik / Владислав Воднев