Петропавлда бір отбасының айуандықпен өлтірілуіне қатысты сотта жан түршігерлік мәліметтер айтылды

0

Петропавлда бір отбасының айуандықпен өлтірілуіне қатысты сотта жан түршігерлік мәліметтер айтылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Social Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Петропавлдың Жұмысшылар ауылында өткен жылдың соңында болған бір отбасын айуандықпен өлтіру фактісі бойынша іс қаралып жатыр.

Қылмыс жасады деп айыпталған кезде үш күдіктінің есі дұрыс деп танылды. Күдіктілер осы қылмыстары арқылы кәсіптегі бәсекелестерінің көзін жоюға тырысқан.

2023 жылдың желтоқсан айының аяғында белгісіз біреулер жерлеу рәсімдерін өткізетін жеке агенттігі бар отбасының үйіне кіріп, ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар ұлын аяусыз өлтіріп кеткен. Отбасыдан сол кезде Ресейде болған қызы ғана аман қалды.

Полиция аз уақытта күдіктілерді ұстады. Олар жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметін көрсететін 37 жастағы Е мен оның қызметкері 25 жастағы О болып шықты. Олар қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып, сотқа тартылды.

Алдын ала сөз байласу арқылы екі немесе одан да көп адамды өлтіруге итермеледі деген айыппен тағы бір күдікті 42 жастағы С есімді әйел де ұсталған. Күдікті С Петропавлда жерлеу қызметін көрсететін ЖШС-нің бірінде директордың орынбасары қызметін атқарған.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, 2023 жылы Петропавл қаласындағы медициналық мекемелерден мәйіттерді тасымалдауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша конкурстық тендерлердің көпшілігін көз жұмған ерлі-зайыптыға тиесілі ұйым жеңіп алғаны белгілі болды. Осыған байланысты, сотталушы С жұмыс істеген ЖШС жерлеу бойынша қызмет көрсетуге байланысты қызметтен түскен кіріс азайған.

2023 жылдың жазында сотталушылар С мен Е арасында тығыз қарым-қатынас пайда болған, содан кейін олар бірге тұрып, бір-біріне кәсіпкерлік қызметін жүргізуге көмектесе бастаған. Айыптаушы тараптың айтуынша, сол кезде С ның тікелей бизнес бәсекелестерінің басшыларын өлтіру мақсатында қылмыстық ниеті болған. Ол мұны өз бетімен жүзеге асыра алмай, Е-нің өзіне деген сезімі бар екенін және оның өтінішінен бас тарта алмайтынын түсініп, П жанұясын өлтіруге бағытталған қылмыстық ниетін білдірген.

Е бұл іске жалғыз бара алмайтынын түсініп, өзінің қылмыстық ниеті туралы сол кезде материалдық қиындықтарға тап болған қызметкері О-ны шақырған.

Қылмыстық рөлдерді өзара бөлісіп, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Е мен О отбасының үйіне келген. Қылмыскерлер үйге заңсыз кіріп, сол сәтте үйде болған 17 жастағы жасөспірімнің басынан жұдырықпен бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін оны байлап, жатын бөлмесіндегі төсекке жатқызған.

Кешкі сағат алтыда ерлі-зайыпты П үйлеріне оралған. Жасөспірімнің әкесі үйге бірінші кіріп, ұлының байланғанын көріп, оған көмектеспек болған. Сол сәтте оған күтпеген жерден ауыр темір заттармен қаруланған Е және О бірнеше соққы жасап, еденге құлатқан.

Осы кезде есіктің алдында тұрған П-ның әйелі де бөлмеге кірмекші болғанда, сол жерде Е мен О әйелдің басынан ұрып, құлатқан. Одан кейін күдіктілер асхана пышағымен қаруланып, ер адамның мойнына бірнеше рет пышақпен соққы берген. Күдікті Е еденде жатқан әйелдің де мойны мен басына пышақ сұғып алған, ең соңында кәмелетке толмаған баланы да бауыздап тастаған. Үшеуі де алған жарақаттарынан қылмыс орнында көз жұмды.

Психологтардың қорытындысына сәйкес, үш күдіктінің де есі дұрыс екені және ешқандай психикалық ауру немесе ауытқушылық жоқ екені анықталды.