Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Ұлттық Құрылтайдың стратегиялық маңызы

0

2024 жылы өткізілген үшінші Ұлттық құрылтайда айтылған өзекті мәселелер қызу талқыға түсті. Әлеуметтік осал топтар, елді-мекендерді газдандыру, сыртқы сауда айналымын дамыту, IT-технологияларға көңіл бөлу сияқты маңызды дүниелердің барлығы талқыланып, ортаға салынды.

Әсіресе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға елеулі мультипликативтік әсер беретін жобалар қажет екеніне ерекше назар аударды. Айтылған проблема мен жобалардың әрқайсысына жеке-жеке қысқа тоқталсақ, жағдай былай болмақ. Үкіметке ағымдағы жылы 4 ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асыру қатаң тапсырылды.

Мәселен, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын жаңа жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын, оның ішінде ауылдар мен аудан орталықтарының тұрғындары үшін іске қосу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, сатып алу құқығымен берілетін жалға берілетін тұрғын үй көлемін бірнеше есе ұлғайту керегі де ескерілді.

Екіншіден, 55-ке жуық жылу көздерін толығымен жөндеуден өткізу, инженерлік желілерді жаңғырту, елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру.

Үшінші, Қазақстанды Еуразияның негізгі транзиттік хабтарының біріне айналдыру үшін транзиттік дәліздерді дәйекті дамыту және сыртқы сауда айналымын ынталандыру. Ол үшін президент логистикалық орталықтар мен қойма үй-жайларын салуды, теміржол желілерінің құрылысын ұлғайтуды, теңіз тасымалы инфрақұрылымын нығайтуды, икемді тарифтік саясатты жүргізуді, сондай-ақ шамамен 12 мың шақырым автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясын жалғастыруды ұсынды.

Төртінші, IT-технологияларды дамыту. Жыл соңына дейін Қазақстанда суперкомпьютер құрып, жаңа деректер орталығын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Тоқаев Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін салу ниетін еске салды. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліз салуға мүмкіндік беретінін ескеру керек.

Ұлттық Құрылтайда қозғалған ауқымды мәселелер төңірегінде Ұлттық Құрылтай мүшесі Ляззат Қожахметова да пікір білдірді. Ол кісінің айтуынша, бұл жиын өте тиімді, қажетті құрал. Ел тамырын баса отырып, лайықты, үлкен ұсыныстар айтылды. Осыдан оның өз функциясын дұрыс атқарғанына әбден көз жеткізуге болады.

“Президент министрлерді немесе әкімдерді қабылдағанымен, бар шындықты құрылтайға қатысушылардың аузынан естуді жөн санаса керек. Бұл жерде көтерілген мәселелер жіті назарда болады. Құрылтай — Ел басшысына елдің үнін айна-қатесіз жеткізетін жалғыз әрі маңызды алаң. Қоғам белсенділері халықты мазалаған дүниелерді өздері баяндайды. Ерекшелігі де сонда. Атыраудағы құрылтайда “Азаматтық қоғамды” Р. Желдібай, “Өнер, мәдениет, руханият” бөлімін А. Балаева, “Ғылым мен білімді” С. Нұрбек, “Аймақтық және әлеуметтік-экономикалық даму” бөлімін Т. Дүйсенова жүргізді. Астана қаласында қаңтарда өткен құрылтай жұмысында мен жетім ұсыныс жасап, Атырауда соның барлығына жауап алдым. Бұл есірткі мәселесіне байланысты”, — деді ол.

Құрылтай мүшесінің айтуынша, қазіргі таңда 1 грамм есірткінің кесірінен 17-20 жастағы азаматтар 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар осы жолмен аптасына екі жүз мың теңге қаржы табады екен. Алдандым деп ақталғаны есептелмеу керек. Мәселен, бізде осындай әрекетке бара отырып, жазасын өтеп жатқан 14 жастағы бала бар. Ол “закладчик” болған. Яғни есірткіні әр жерге жасырып кету. Оларды басқаратын адам басқа жақта, ұсталып қалатын осындайлар. Осыған орай, әр ата-ана өз баласын бақылауда ұстап, қадағалап отыруы тиіс.
Тағы да зорлық мәселесіне келсек, тергеуші Айман Умарова құрылтайда қырыққа жуық іске араласып, оның он екісінде өз қыздарын зорлаған әкелердің мәселесін көтерген. Оның осы тақырып төңірегінде жасап жатқан “One-Stop-Service” жобасы бар. Президент ұсыныс айтты, Үкіметке тапсырма да берді.

Құрылтай мүшесі тағы бір қызық деректермен бөлісті.

“Альфредтің немере інісі Эммануильдің “Гурьевте” кеңсе ашып, “Ембі” АҚ құрған. Осы аймақтың мұнайының жартысын өндірген. Сондықтан Нобель дейтін сыйлықта да қазақтардың, яғни біздің үлесіміз бар”, — дейді.

Ұлттық Құрылтайға қатысушылар тарихи маңызы баи орындарға сапарлатып, мұнайшылармен және ғалымдармен танысқан. Атырауда үш ағайынды Нобельдердің өмір сүргенінен хабардар болыпты. Атыраудағы 1911 жылдары атақты Нобельдің өзі тұрған үй әлі қорғауға алынбаса керек, көпшілік оны жәдігерге айналдыруды да ұсынған.

Құрылтай көпшіліктің ойын ашығынан ортаға салып, шешімін іздейтін тарихқа айналатын үлкен жиын. “Күлтөбенің басында күнде жиын” дегені де сондықтан. Тарихтан басталған осы маңызды шараның жалғасын тауып келе жатқаны барлығымызды қуантады.