Жер бетіндегі ең қарт ер адам туған күнін атап өтті

0

Әлемдегі ең қарт ер адам, ұлыбританиялық Джон Альфред Тиннисвуд 112 жасқа толған туған күнін атап өтті. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. 

Сәуір айында Гиннестің рекордтар кітабы 111 жастағы Тиннисвудты ең қарт ер адам деп таныды. Бұған дейін әлемдегі ең қарт ер адам деп танылған венесуэлалық Хуан Висенте Перес Мора 114 жыл өмір сүрген.

Айта кетейік, Тиннисвуд 1912 жылы Ливерпульде, Титаник суға батқан жылы дүниеге келген. Оның көзі тірісінде Ұлыбританияда 24 премьер-министр алмасты. Ол Англияның Саутпорт қаласындағы қарттар үйінде тұрады.

Еске салайық, Жапонияның Аcия қаласының тұрғыны, 116 жастағы Томико Итока испаниялық 117 жастағы Мария Браньяс қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам атанғанын жазған едік.