2025 жылдан бастап Қазақстандағы зейнетақы мөлшері қалай өседі?

0

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 8,5% — ға ұлғаяды.

Өзгеріс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілді. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 31 тамызға дейін жария талқылауда.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% – ға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін», — делінген заң жобасында.

Сондай-ақ, билік мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ел бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңгені құрайды.

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин