Аида Балаева емес! — Мәдениет министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

0

Ведомствода WhatsApp желісінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің атынан қате мәліметтер таратылғаны туралы хабарланды.

«Бұл ақпарат дұрыс емес және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар министрден шықпайды. Министрлік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырады», — делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомство Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланатынын айтты.