Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі жағдайға қатысты пікір білдірді

0

IBO және WBA Gold нұсқалары бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанкош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айыпқа байланысты пікір білдірді. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 1996 жылғы бойжеткен Тұраров тарапынан зорлау туралы арызбен Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына жүгінгені туралы ақпарат пайда болған болатын. Полиция бұл оқиғаға түсініктеме берді. Боксшының өзі де жағдайға жауап берді.

«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой бүгін. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар! Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?» – деп жазды Жанқоштың жары Әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фото: prosport.kz