Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешованы қызметінен босатты
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президенті Геннадий Головкин бас хатшы Жанар Өтешованы қызметінен босатты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан ҰОК Бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының, яғни Жанар Өтешованың сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады делінген.
Айта кетейік, Жанар Өтешова бұған дейін Головкиннің командасында БАҚ құралдарымен байланыс жөнінде қызмет атқарған еді.