«Домбыра ақыретте пайда бермейді»: Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровке шүйлікті

0
  • “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровты айыптады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі дінтанушының “мазхаб ұстанбаймын” деген сөзіне шүйлігіп, өзге дін ағымында жүр деп күдіктенді.

“Маған Дарын Мубаровтың берген сұқбатын Whats App-тан жіберді. “Әбу-Ханифа және еш мазхабқа фанат емеспін” деп отыр. Уахабтарда мазхаб жоқ екенін мына есалаңдар біле ме?! Уахабтар ешқандай мазхабқа жатпайды. Оларда мазхаб жоқ. “Домбыра ақиретте пайда бермейді, бір тартқаныңа қанағат қыл” деп отыр. Сонда домбыра да харам болды ма, әлде Дарын уахабист болды ма?! Мына сөздер факты емес пе, миы бар адамға. Біз Әбу-Ханифаның мазхабын ұстаған мұсылман елміз. Сонда мазхабсыз, уахабтық иделогияны қолдаушы ма?! Жеңгелері жеті шелпек пісірмейді дейді. Жеті нан сол Әбу-Ханифа мазхабынан келе жатқан сеніміміз, жеті нан садақамыз, жеті бәленің басын қайтарады деген қазақпыз”, – деді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі дінтанушымен кездесіп, ұлттық киімдердің харам емес екенін ескерткен.

“Мен жақында Балғынбектің тойында Дарынды көрдім. Бетпе-бет жолықтық. Балғынбек Дарынға “Айгүл салафиттерге қарсы жазбалар жазады” деді. Мені Дарынға басымдағы орамал мен үстімде жеңсіз қамзол, ұзын көйлек, шашымда шашбауымды көрсеттім. “Мына қазақтың киімі харам ба, мен осы киім үшін арабша, қара жамылған қатындармен қырыламын, өз қазақ ұлтыңның киімін неге кимейсің деп айтамын” дедім. Ұлтымның киімі харам емес екенін айттым. Балғынбекті уақаб дейтіндер, келіннің бетін ашып, сәлем салдырғасын, қалай уақаб дейін. Уақабтар салт-дәстүрге қарсы ғой”, – деді дәстүрлі ән мектебінің өкілі.

Еске салайық, Айгүл Елшібаева құран оқып, қыз ұзататындарды сынады.