Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«22-23 тамызда Қазақстан Президентінің Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында тар форматта және екі елдің үкіметтік делегацияларының құрамында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен нығайту перспективаларын талқылайды», — делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Ақордада саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Фото:Ақорданың баспасөз қызметі.