«Күміс тойға жеттік»: Қыдырәлі мен Қарақат неке қиған сәтін есіне алды

0

 

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат шаңырақ көтерген күнін есіне алып, жақсы жаңалығын жария етті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі жұптың шаңырақ көтергендеріне – 25 жыл.

“Алланың қалауымен 20 тамыз Алматы орталық мешітінде ақ некемізді қиғызып, сол күні үйлену тойымды өткіздім. Күміс тойға аман-есен жеткізіп, Қақатымның мойнына күміс алқа тақты. Отан берген, отбасымды бақытқа толтырып, перзенттер берген, адал жар берген ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын!”, – деп жазды Қыдырәлі.

Бұған дейін әнші Қарақат Әбілдина да той кезіндегі қызықты бөліскен еді.

Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, “Күміс тойға“ да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: “Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз” деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын”, – деп жазған еді өнер иесі.