Тағы да FlyArystan: Алматы – Астана әуе рейсі кешігіп ұшты
FlyArystan әуе компаниясы «Алматы-Астана» әуе рейсінің кешігуіне қатысты ақпарат берді, бірақ ұшудың не үшін кешіккені айтылмаған.
«2024 жылғы 19 тамызда FlyArystan Кс7053 Алматы – Астана рейсінің ұшуы сағат 09:05-тен 09:25-ке дейін кешіктірілді. Жолаушыларға рейстің сағат 09:25-тен 10:55-ке ауысқаны туралы ескерту хабарлама жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты болды. FlyArystan қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», — делінген аталған әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, ақпаратта рейске кешіккен жолаушыларға ақшасын қайтаруға немесе келесі рейстерге брон жасауға болатындығы айтылған.
«Кешіккен жолаушыларға 50 мың теңге сомасында өтемақы беріледі. Қазір байланыс орталығының агенттері жолаушылармен хабарласып жатыр», — деп түсіндірді FlyArystan әуе компаниясынан.
Еске сала кетсек, жуырда FlyArystan әуе компаниясының өкілдері елордада егіздің сыңарын әуежайда қалдырып кеткені туралы хабарлаған едік.
Кейін ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылды.
Одан бөлек, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan-ның үстінен арыз жазды. Ол FlyArystan әуекомпаниясының қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан жарақат алғанын айтты.