Ресей әскерінің Курск облысында қоршауда қалу қаупі бар – БАҚ

0

Ресейдің Курск облысының Глушковск ауданындағы үшінші көпірдің қиратылғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлады Kznews.kz.

«Мир сегодня с Юрий Подоляка» Telegram-арнасына сілтеме жасаған «Новая газета Европа» басылымының хабарлауынша, Украина әскері Сейм өзені арқылы Карыж елді мекеніне баратын үшінші көпірді қиратты. Бұл көпір түгелдей Глушковск ауданының үстімен өтеді. Ол жерде 3 маңызды көпір болған. Олар: Глушково, Званное және Карыж көпірлері. Осыған дейін Глушково мен Званноенің қиратылған болатын. Үшіншісі осы – Карыж көпірі қалған.

ОЛ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНЕ ОҚ-ДӘРІ МЕН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ЖЕТКІЗЕТІН МАҢЫЗДЫ КӨРІП ЕДІ

Бұл үш көпір сол аудандағы Ресей әскеріне оқ-дәрі, қару-жарақ жеткізетін маңызды қызметін атқарып тұрған. Ол сонымен бірег елді мекендерді байланыстырып отырған жалғыз көпір болған. Бұл үш көпірдің қиратылуы – ұрыс аумағын тағы 700 шаршы шақырымға көбейтіп отыр. Енді Украина әскері Глушковск ауданын Курск қаласынан оқшаулап, ауданға шоғырланған Ресей Қарулы күштерін қоршауға алады деген сөз, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский президент Владимир Зеленскийге баяндамасында Украина Қарулы күштерінің қол астына Курск облысының 82 елді мекені өткенін хабарлаған болатын.