100 құлаққапқа таласқан жұрт желіде ұятқа қалды

0

Ақтауда тегін затқа таласып, бір-бірін таптаған жұртшылық видеоға түсіп қалды. Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан.

Соған балалар мен жасөспірімдер таласып, соңы дүрбелеңге айналды. Таласқан халықтың арасында кейбірі қысылып қалған. Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, ұялы телефон компаниясы әкімдікке шара өткізетіні туралы хабарламаған. Сол үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

https://smartnews.kz/news/13244-aktauda-tegin-kulakkap-taratylyp-halyk-birin-biri-taptap-tastady-video