Ақтөбе облысында жаға ұстатар белгілер пайда болды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Елек пен Қарғалы өзендерінде шомылуға тыйым салынған жерлерде «Бұл жерлерде 8 адам, оның ішінде 5 бала суға батып кеткен” деген белгілер пайда болды.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жерде шынымен бірнеше адам суға батып кеткен Осылайша, құтқарушылар халықтың назарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аударады.
Фото: ашықдереккөз