Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласына іздеу жарияланды

0

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы Азамат Кәпеновке іздеу жарияланды, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Кәпенов 9 тамыздан бері іздеуде. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.