Йеменде су тасқыны салдарынан 57 адам қаза тапты

0

Йемендегі су тасқыны кем дегенде 57 адамның өмірін жалмащы, мыңдаған адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

34 мыңнан астам отбасы маусым аяғында басталып, тамыздың басында күшейген қатты жаңбырдан зардап шекті.

«Бұл апаттың ауқымы таң қалдырады, аймаққа гуманитарлық көмек қажет», – деп атап өтті Йемендегі Халықаралық көші-қон ұйымы басшысының міндетін атқарушы Мэтт Хубер.

Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда қаласы қатты зардап шекті. Алты мың отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қалада үйлер мен маңызды нысандар қирады.

фото: BBC